jasqazaq.kz

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы

07 маусым 2017, 14:31

Астана қаласы 2017 жылғы 16 маусым

Өтетін орны: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 27, «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana» қонақүйі, «Silk Way» (Жібек жолы) залы.

Басталуы: сағат 15:00.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау белсенділігін арттыру мақсатында байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай 2017 жылдың 16 маусымда «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді.
Конкурстың ережесіне сәйкес 2016 жылғы 10 маусым мен 2017 жылғы
5 маусым аралығында журналистердің ел аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін көтеру және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы мақалалары, эфирге шыққан хабар мен бағдарламалары «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша бағаланады.
Конкурсқа келіп түскен материалдарды елімізге белгілі қаламгер, журналистерден құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаздарды анықтайды.
Айта кетейік, ағымдағы жылы журналистер тарапынан 100-ден аса материал ұсынылды.
Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, конкурстың жүлдегерлері және т.б. қатысады. Салтанатты шарада эстрада жұлдыздары мен дәстүрлі әншілер өнер көрсетеді.

Байланыс телефоны.: 8 (7172) 74-09-85, 74-14-97,74-05-01,
74-05-03, 40-83-67, 8-702-478-97-03, 702-376-84-00.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда