Бұдан былай елімізде мемлекеттік қызметке орналасу үшін сынақ тапсыратын үміткерлерге берілетін тес сұрақтарының саны қысқарады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев алдағы уақытта мемлекеттік қызмет саласында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін, оның ішінде қызметкерлерді қабылдау кезіндегі сынақ жеңілдейтінін айтты. «Кандидат мемлекеттік қызметке орналасу үшін тест тапсырады. Бұрын барлығы «Тест қиын, сұрақтары ауыр» деп айтатын. Біз қазіргі таңда тестілеудің сұрақтарын қысқартып жатырмыз. Мысалы, қазір емтиханды 9 заң жобасынан тапсыру керек болса, алдағы уақытта оның санын 4-ке дейін қысқартсақ деп отырмыз. Оның орнына біз адами қасиеттер, қабілет пен құндылықтарды анықтау сияқты тетіктерді енгіземіз», — деді агенттік төрағасы. Дархан Жазықбаевтың айтуынша, биыл наурыз айынан бастап 5 мемлекеттік органға қызметкерлерді қабылдау онлайн жүргізілген. Нәтижесінде 1 адам жұмысқа онлайн процедуралар арқылы қабылданған.
JQ-Aqparat