jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы ішкі істер министрін қабылдады

03 наурыз, 13:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке елдегі криминогендік ахуал туралы және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.

Ержан Сәденов биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендегенін жеткізді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,3 мыңға аз.
Құқық бұзушылықтың негізгі санаттарындағы көрсеткіш төмендеп, қылмыстарды ашу деңгейінің артқаны байқалады.
Интернет-алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жалғасуда. Алдын алу шаралары және шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың арқасында киберқылмыс көлемі 4 пайызға төмендеді.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында 71 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 11 топтың қызметі тоқтатылды.
Есірткі қылмысына қарсы күрес белсенді түрде жүргізіліп келеді: бес есірткі зертханасы жойылды. 881,5 кило әртүрлі есірткі заттарының, соның ішінде 104 килодан астам синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға енуіне жол берілмеді.
Министр көшелердегі құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану, көші-қон бақылауын күшейту және жазадан бұлтартпау жөніндегі шаралар туралы мәлімет берді.
Азаматтарды қорғауға бағытталған заңнамалық бастамаларға ерекше назар аударылды.
Өткен жылы «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң қабылданды. Дропперлік, сталкинг және некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді