jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына барды

01 маусым 2024, 13:01

 

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына барды. Жаңа ғимарат Emergency халықаралық стандартына сай салынған әрі триаж жүйесіне сәйкес тәулігіне 500-ден аса науқасты қабылдай алады. Орталықта 26 төсек орынға есептелген реанимация және қарқынды терапия бөлімі, диагностика бөлімі және 4 операция блогы бар.
Президентке орталықтың заманауи медициналық аппараттармен жабдықталған диагностика кабинеттері, нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөлімшесі және операция бөлмелері таныстырылды.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, 1965 жылы негізі қаланған қалалық балалар ауруханасы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті педиатрия кафедрасының клиникалық базасы саналады. Ауруханада тек Алматы қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның балалары жоспарлы ем-дом алады. Республика бойынша тек осы клиникада жаңа туған нәрестелерде кездесетін асқазан артрезиясы, көкет жарығы (диафрагмальная грыжа), рахишизис, гастрошизис секілді туабітті дерттерді хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері жолға қойылған.
Соңғы үш жылда бұл ауруханада емделушілер саны 30 пайызға артқан. Сол себепті қазір Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының негізгі ғимаратын жаңарту және реконструкциялау жоспары әзірленіп жатыр. Соған сәйкес, ескі корпустардың бәрі күрделі жөндеуден өткізіліп, қосымша оңалту, отоларингология, аймақтық офтольмология орталықтары және жақ-бас сүйек хирургиясы бөлімшелері ашылмақ. Нәтижесінде стационардағы төсек-орын саны 350-ден 470-ке дейін артады. Сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің түрі көбейіп, халықаралық стандарттар деңгейіндегі сапаны қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық мекеменің қызметіне табыс тілеп, 2 реанимобиль мен интерактивті тақтаны сыйға тартты.
JQ-Aqparat
Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?