jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалына барды

31 мамыр 2024, 13:38

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары қала әуежайының жаңа халықаралық терминалын аралап көруден басталды, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына терминалдың ашылуы қарсаңында құрылыстың қалай жүргізілгені жөнінде баяндалып, жолаушыларды тіркеу, шекара және кедендік бақылау аймақтары, жүк бөлімі таныстырылды.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Альп Эр Тунга Эрсой сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып салынған терминал магнитудасы 10 балға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алатынын айтты. Ғимараттың жалпы ауданы 53,5 мың шаршы метрді құрайды, жылына 14 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады.

Жаңа терминал Орталық Азияда бірінші болып Excellence in Design for Greater Efficiencies (EDGE) бағдарламасы бойынша сертификат алады.

Жолаушылар мен авиакомпаниялар санының өсуін ескере отырып, 50 тіркеу бағаны жұмыс істейтін болады. Ол үшін жаңа жабдықтар сатып алынған. Терминалда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін толықтай жағдай жасалған.

Бұдан кейін Президент әуежайдың жаңа VIP-терминалын аралап көрді. Мемлекет басшысы қала және ел туралы алғашқы әсер әуежайдан қалыптасатынын атап өтті.

– Алматы халықаралық әуежайы – еліміздегі ең ірі әуе айлағы. Оңтүстік астанамызды тамашалайтын туристер саны жыл сайын артып келеді. Былтыр қалаға 2 миллионнан астам турист келіп-кеткен. Осыдан екі жыл бұрын құрылыс орнына капсула салу рәсіміне қатысып едім. Ал ертең, міне, Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерге қызмет көрсетпек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент терминал құрылысын халықаралық стандарттарға сай жүргізгені үшін TAV GROUP компаниясына, сондай-ақ Алматы үшін осындай маңызды жобаға атсалысқан кредиторлар концорциумы – Еуропалық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына және Еуразиялық даму банкіне алғыс айтты.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды