jasqazaq.kz

Мембағдарлама арқылы ақша алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

20 желтоқсан 2017, 14:49

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Өрлеу» бағдарламасы бойынша ақша алып беремін деп тұрғындарды тақырға отырғызып кеткен 28 жастағы алаяқты ұстады. Қазірдің өзінде күдіктінің 20 алаяқтық әрекетіне қатысы бар екені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қалалық Еңбекші полиция бөліміне бірнеше тұрғын арызданған. Олардың айтуынша, белгісіз азамат өзін мемлекеттік органның қызметкерімін деп таныстырып, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша ақша алып беремін деп алдаған. Осылайша, күдікті бірнеше адамды алдап, ақшаларын алып кеткен. Арызданушылардың бірі күдікті оның 350 000 теңгесін қолды еткенін жеткізген. «Мемлекеттік органның өкілі» «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2-3 аптаның ішінде әкімдіктен 1 200 000 теңге ақша шығарып беремін деп уәде беріпті. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1989 жылы туған тұрғынды ұстады. Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық 20 жайтқа қатысты екені анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі миллион теңгеден асып отыр. Қазіргі таңда аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190 «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшылары сондай-ақ 28 жастағы күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда