«Меломен» тобының мүшесі Ғабит Бибасыұлы қол көтерді деп айыптаған әйеліне жауап берді

13 маусым, 13:21

“Әйеліне қол көтерді” деп басы дауға қалған “Меломен” тобының мүшесі Ғабит Бибасыұлына өнердегі достары араша түсіп инстаграм желісінде қолдау көрсетті. Топ мүшесі Қайрат Мырзаханов досын желідегі қаңқу сөзге мән бермеуге шақырды.

“Кейінгі кездегі Ғабит жайлы әңгіме мүлдем шындыққа жанаспайды дегім келеді. Ғабиттей алтын жігітті тиран етіп көрсетіп жатқандарға айтарым: “Бас жарылса бөрік ішінде”. Қазір зорлық-зомбылыққа қарсы заң шыққаннан бастап, қаншама әйелдер орынды-орынсыз бас көтеріп жатыр. Оның ішінде өтірігі араластары аз емес. Бірақ ол Ғабитке мүлдем қатысы жоқ. Бокстағы қарсыласын сабырға шақыратын жігіт, қалай тиран болады?!”, – деп жазды әнші.

Ал әншіден «таяқ жедім» деп жазған блогер Нұрилә Ақберен өзін қорлатудан шаршағанын айтып, бұдан былай өзін барынша қорғайтынын алға тартты.

“Қашан әйелді ақымақ етіп, өзі ақылды болған еркекті көрдіңіздер?! Мен оны алты жыл бойы көрдім! Шыдауға міндетті емеспін! Айтуға құқылымын! Қорлатпаймын! Қорлатудан шаршадым! Мен өзімді қорғаймын. Ақталуға міндетті емеспін! Бірақ, маған қара күйе жағудан шаршамасаңыздар, менде дәлел фото-видео бар», – деп жазды блогер.

Ғабит Бибасыұлы өзіне қатысты даулы жағдайға пікір білдіріп, бұрынғы әйеліне үндеу жасады.

“Осындай тап-таза, нұрлы кезің болғанда бұлай сөйлемес едің ғой. Аман бол! Енді ісім психолог, коуч сымақтармен болады», – деп жазды өнер иесі.

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде