jasqazaq.kz

Мектептерде мұғалімге сыйлыққа ақша жинауға бола ма?

27 қыркүйек 2017, 17:56

Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында өткен брифинг барысында ата-аналардың кеңсе тауарлары мен оқулықтарға ақша өткізгені заңды ма, жоқ па — осы мәселе жайында айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жылқыбаеваның айтуынша, мектепте кез келген ақша жинау дерегіне тыйым салынады. «Мектептерде ақша жинауға тыйым салынады. Ол оқушының құралдарына байланысты болса да — дәптерлер, кеңсе тауарлары, оқулықтар (…) Осындай деректер расталып жатса, мұғалімді жұмыстан қууға дейін қатаң шаралар қолданады», — деді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары. Сондай-ақ, брифинг барысында оқушыға мұғалімге сыйлық алу үшін қанша ақша беруге болатыны айтылды. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің өкілі Нұрбол Мекешовтің айтуынша, мұғалімге сыйлыққа жиналатын ақша екі айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Яғни, сыйлық бағасы 5 мың теңгеден аспауы керек. Өз кезегінде департамент өкілі соңғы үш жылда Алматының Білім басқармасы өкілдері жасаған қылмыстарды атады. 2015 жылы осындай екі дерек тіркелсе, 2016 жылы бір қылмыс тіркелген екен.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда