jasqazaq.kz

Мектеп табалдырығын аттамаған 11 жастағы қыз табылды

15 қыркүйек 2017, 13:24

Алматыда мектепке бірде-бір рет бармаған 11 жастағы қыз табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бостандық ауданының Ювеналдық полициясының мәліметінше, қызда туылғаннан бері құжаты жоқ, ал 36 жастағы анасы бұл жағдайды қызының жеке құжаттарының болмауымен түсіндіріп отыр. «Анасы қызын жалғыз асырап отыр. Қыз оқудан бас тартып отырған жоқ, керісінше, құжаттарын дайындауға көмектесуді сұрайды. Біз әйелдің аты-жөнін анықтадық. Ол ешқандай есепте тұрған жоқ, осыған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған», — деп хабарлады Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіндегілер. Енді әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөнінде ведомствоаралық комиссия әйелге көмектесіп, оның жауапкершілік деңгейіне баға береді. «Бұл мәселе жақын арада шешіледі деп ойлаймын. Қызы мен анасының құжаттарын дайындауға қатысты сұрақтарды көші-қон қызметіндегілермен және басқа да ведомстволармен қарастырып жатырмыз. Осыған ұқсас жағдайларда, яғни, 11 жастағы балалар мектепке бармаған болса, олар қазіргі уақытта арнайы түзету мектеп-интернаттарында оқып жатыр», — деді Жергілікті полиция қызметі Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда