jasqazaq.kz

Мектеп басшылығының жалақысы қалай көтеріледі?

23 қантар 2018, 17:04

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мектеп директорлары мен оқу ісі меңгерушілерінің жалақысын көтеруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мектеп директорларының құзіреті кеңейіп жатқан жоқ.

Біз мұғалімдердің жалақысын өсіреміз деп, мектеп басшылығының жалақысын жайдан-жай көтере алмаймыз ғой. Негізі, директорлар мен оқу ісі меңгерушілерінің қызмет бабы өзгерген жоқ, жаңа функциялар да қосылмады. Сол себепті жалақылары да сол қалпында қалды. Дегенмен, олар 9 сағатқа дейінгі оқу жүктемесін алып,сабақ бере алады. Егер ол сабақтар білімнің жаңартылған мазмұнына сәйкес келсе, онда 30 пайыздық үстеме ақыны беруге болады», — деді Б.Асылова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Вице-министрдің ойынша, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін бағалау бойынша жаңа талаптарды әзірлеу керек. KPI-дің нақты үлгісі болса, мектеп директорларының жалақысын да жұмысына қарай төлеуге болады. Айта кетейік, мұғалімдердің 30 пайыздық үстеме ақысы осы айдан бастап төленеді.

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды