jasqazaq.kz

Мектеп басшылары сабаққа кіргізбеген соң 13 оқушы қыз орамалын шешті

26 қыркүйек 2017, 11:47

Ақтөбеде қыркүйек айы туғалы бері 13 оқушы қыз орамалын шешті, мектеп формасын ұстануға қатысты жұмыстар нәтиже бере бастады деп хабарлайды Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, Ақтөбедегі орта білім беретін мектептерге жаңа оқу жылында 170 оқушы қыз орамал тағып келген. Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлады.

«Мектеп формасын сақтау қажеттілігі туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектеп басшылары мен сынып жетекшілері осы мәселе бойынша ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыс әлі де жалғаса береді» дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық дін істері департаментінің басшысы Жолдас Қалмағамбетовтің дерегінше, Ақтөбе облысындағы орта білім беретін мектептерге жалпы саны 370 оқушы орамал тартып келіп жүр.

Білім және ғылым министрлігі былтырғы оқу жылының ортасында мектепте қандай да бір дінді насихаттайтын киім киюге тыйым салатын қаулы шығарған. Биыл оқу жылында Ақтөбе, Жаңаөзен мен Шалқар қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтарал қалаларында бұйрыққа сүйенген мектеп басшылары орамал таққан оқушы қыздарды мектепте кіргізбей жатыр.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда