Невада штатының атлетикалық комиссиясы америкалық боксшы Флойд Мейвезер мен ирландиялық боксшы Конор МакГрегордың Лас-Вегастағы айқас үшін төленетін ақының көлемін жариялады. Бұл жайлы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
40 жастағы Мейвезер мен 29 жасар МакГрегор арасындағы 69,8 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі бокс ережесі бойынша 12 раундтан тұратын жекпе-жек 27 тамыз күні Лас-Вегастағы «Ти-Мобайл» аренасында өтеді.
Мейвезердің ресми сыйақы көлемі 100 млн долларды құрайды, ал МакГрегордікі — 30 млн доллар. Бұл сома кепілдендірілген. Спортшылар оны жекпе-жек нәтижесі қалай аяқталатындығына қарамастан ала алады.