jasqazaq.kz

Мейвезер МакГрегорды нокаутпен жеңді (видео)

27 тамыз 2017, 11:13

Америкалық аңыз боксшы Флойд Мейвезер UFC чемпионы Конор МакГрегорды нокаутпен жеңді.

Ирландиялық бастапқы раундтарда белсендің болғанымен, кездесудің соңғы раундтарында әбден титықтап, шаршап қалды. Конор МакГрегор қалай болса да сәт сайын соққы жасап қалуға тырысумен болды. Бокс ережесіне сәйкес келсе де, келмесе де қамданып бақты. Тәжірибелі Мейвезер қарсыласының шабуылынан сытылып шығып кетумен болды. Ал кәсіпқой бокс шаршы алаңына алғаш рет шыққан Конордың соңғы раундтарда шаршап қалғаны айқын байқалды. Тоғызыншы раундтағы америкалық боксшының соққылары қарсыласын есеңгіретіп, оныншы раундта Мейвезер техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті. Айта кетейік, Мейвезер мен МакГрегор бұл жекпе-жектен 100 миллион доллардан аса ақша алады, ал ұйымдастырушылар шамамен 600 миллион доллар ақша алады. Бұл соманы боксшылар міндетті түрде алады, жекпе-жек нәтижесіне қарамастан. Бірақ бұл сомаға бонустар мен ақылы трансляциядан (pay-per-view) түсетін қаражат қосылмаған екен. Осыған байланысты боксшылардың гонорары көбеюі мүмкін.

Жарайсын Флойд! Нағыз чемпион! Нағыз спортшы! Нағыз шебер!

Публикация от ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ 🇰🇿 (@oner_kyrandary_official)

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда