jasqazaq.kz

Мейрамбек Беспаев: Өнер адамы үшін бір жерде отырып жұмыс істеу оңай емес

28 желтоқсан 2023, 15:34

Қазақ эстрадасының дүлділі Мейрамбек Бесбаев мемлекеттік қызметке баруға ниетті емес екенін ашық айтты. «Ұйқым келмейді» бағдарламасына қатысқан өнер иесі аталмыш қызметке қатысты бірнеше ұсыныс жасалғанын айтты.

«Мемлекеттік қызмет істеуге мінезім келмейді. Кішкентай кезімізден еркіндікті қалаған, өнер жағында гастрольдік сапарлармен жүрісіміз көп болғандықтан бұл салаға бара қоймаспыз деп ойлаймын. Өнер адамы үшін бір жерде отырып жұмыс істеу оңай емес. Жауапкершілігі мол қызмет. Одан да біз өнерімізді шыңдап, әнімізді айтып, жастарға кеңес беріп жүре берейікші. Шамамыз келгенше үкіметке бармай-ақ көмектесе берсек те болады. Енді мен өзім бармаспын деп ойлаймын. Өзімді әзірге ол жерде көрмеймін. Бірақ ұсыныстар болғанын жасырмаймын. Мен бас тарттым. Қалай болғанда да өнерге қызмет етеміз ғой», — деді әнші.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?