jasqazaq.kz

Медуниверситетте шетелдік студенттер наразылық акциясын өткізді (видео)

20 маусым 2017, 23:14

Иордания мен Үндістаннан келген студенттер Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да наразылық акциясын өткізді. Айтуларынша, оқытушылар оларды емтихандарда қасақана «құлатқан».

Студенттердің пікірінше, «гистология», «анатомия», «биохимия» және «молекулярлық биология» пәндерінен олардың білімі дұрыс бағаланбаған. Емтихан компьютер арқылы тапсырылыпты. Алайда олар өту ұпайын жинай алмаған. Студенттерге жазғы семестрде оқу туралы айтылды делінеді. Сонымен қатар, стуенттер университет басшылығын құрметсіздік көрсетті деп айыптап отыр. Ондаған студент ЖОО ғимаратының ішінде еденде отырып алып, мәселеге назар аударуды талап еткен. Ал кейін талқылауды акт залында өткізу ұсынылған. Халықаралық медициналық факультетінің деканы Гаухар Құрманов студенттердің бұл шағымы зерттеліп жатқанын айтты. «Нәтижелеріңізді сараптауға уақыт керек. Шағымдарыңызды аноним түрде жазсаңыздар болады. Студенттер кінәліп демейміз. Барлық мәселені шешуге тырысамыз», — деді ол. Университет басшылығы туденттерді 5 адамнан топтарға бөлініп, жағдайды талқылауды сұрады. Осы мәселемен айналысу үшін 10 адамнан тұратын комиссия құрылады. Айта кетейік, ҚазҰМУ-да мыңнан аса шетелдік студент оқиды. Олардың басым бөлігі грантқа түскен.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда