jasqazaq.kz

Медиация көп мәселені шешеді

08 тамыз 2017, 14:28

Қазақстан халқы Ассамблеясының атыраулық өкілдері дін аралық қақтығыстарды реттеуде медиация әдісін пайдалануға шақыруда. «Дін аралық проблемалар, жалпы, келіспеушілік қайдан туындайды?» деген мәселеге жауап іздеген семинар Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтті.

Діни ахуалдың күрделену себебі ретінде, мамандар негізінен әлеуметтік әділетсіздік, діни құрылымдар арасындағы қақтығыстар, адам құқығының бұзылуы, жұмыссыздық, фанатизм мәселелерін атап отыр. Сондықтан да, семинарға қатысушылар бүкіл әлемде дауларды шешудің ең тиімді тәсілі болып саналатын медиацияның көмегіне жүгіну маңызды деп есептейді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, медиациялық процестің 83-85 пайызы жыл сайын сәтті шешімін табады екен.

Медиация институтына сұраныс Қазақстанда да артуда. Айта кетелік, атыраулық «Қоғамдық келісім» мекемесімен бүгінде медиациялық төрт бірдей орталық тығыз байланыста жұмыс істейді. Облыста 37 кәсіби медиатор тіркелген. Бітімгер мамандардың араласуы нәтижесінде күні бүгінге дейін Атырауда 442 азаматтық, отбасылық, еңбек даулары сотқа дейін жетпей шешімін тапқан.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда