jasqazaq.kz

Мәжілісте «Масс-медиа туралы» заң қабылданды

17 сәуiр 2024, 17:48

Бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда «Масс-медиа туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын қабылдады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғам сұранысын және медиасфераның даму үрдісін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Бұл заң жобасында журналистердің мәртебесін арттыру, журналистердің құқығын нығайту және міндетін қайта қарау, журналистердің артықшылығын кеңейту бойынша жағдайлар жасау көзделген.

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар төменгі бағыт бойынша түзетулер енгізді:
«Баспасөз картасы»; «Бұқаралық ақпарат»; «Діни телебағдарлама»; «Журналистердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуы туралы Ұлттық баяндама»; «Теле-радио арнаны есепке қою туралы куәлік» ұғымдарын алып тастау;

«Журналистің ерекше мәртебесі ұғымын енгізу; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үлгілік қағидалар негізінде журналистерді аккредиттеудің өзіндік ережесін әзірлеу құқығын бекіту және желілік басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді БАҚ түрлерінің бірі болып саналатын «интернет-басылым» деп аталатын бірыңғай ұғымға біріктіру;

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің негізгі міндеттерін нақтылау;

Журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) кәсіби қызметіне құқықтық кепілдіктер белгілеу;

Мемлекеттік тілде теле-радио бағдарламаларды тарату және отандық контент көлемі бойынша талаптарды 2025 жылдан бастап — 55 пайызға, 2027 жылдан бастап — теле-радио бағдарламалардың жалпы көлемінен 60 пайызға ұлғайту;

Құқықтардың бұзылуына байланысты БАҚ-қа қойылатын талаптар бойынша ескеру мерзімін БАҚ-та мәліметтер жарияланған күннен бастап үш жылдан бір жылға дейін қысқарту;

БАҚ қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіби кеңестердің негізгі функциясы ретінде журналистердің Әдеп кодексін әзірлеуді айқындау;

Қоғамдық-кәсіптік кеңестердің ұсыныстарына мемлекеттік органдар тарапынан мәндетті түрде қаралуы және ден қоюы жөніндегі талаптарды бекіту;

Отандық теле-радио арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-радио арналардың теле-радио бағдарламаларын ретрансляциялауды жиырма пайыздан он пайызға дейін қысқарту;

Бұдан басқа, жекелеген нормалар нақтыланды және Заң жобасының мазмұнын жақсартатын редакциялық түзетулер енгізілді. Заң жобасында «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Теле-радио хабарларын тарату туралы» заңдардың күші жойылды деп тану көзделген.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды