«Рассвет» шаруа қожалығы сүт бағытындағы мал шаруашылығымен айналысады. Қожалықтың жылына 750 тонна сүт өңдей алатын өз цехы бар. Цех тоңазытқышпен және сүт өңдейтін қондырғылармен жабдықталған. Өткен жылы 486 тонна сүт өнімі өңделді. Өңделген сүт, айран, ірімшік және май өздерінің дүкенінде сатылады. Сондай-ақ, қожалық ет бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативін құрып, қасапхана салуды межелеп отыр. Шаруа қожалығының басшысы Владимир Маслов өз сөзінде 200 бас ірі қараға арналған қора салуды және сауын сиырлар мен жаңа қондырғы сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты.