Мәскеу университеттерінің бірінде терезеден құлап кеткен қазақстандық бойжеткен Томирис Байсафаның жағдайы әлі де ауыр. Тергеушілер мен оның жақындары Томиристің есін жинағанын күтіп отыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Тергеушілер бойжеткеннің терезеден құлау себебін әзірге анықтай алмай отыр. Олар Томирис есін жинап, бұл жайтқа түсініктеме беретінінен үмітті.
Ал әзірге Томиристің есін жинау-жинамауы белгісіз. Тіпті есін жинағанның өзінде ол бірден сөйлей алмайды дейді дәрігерлер. Себебі, бойжеткен ауыр халде жасанды тыныстандыру аппаратына қосулы күйде жатыр екен.