Мәскеуде орналасқан «Персей для детей» сауда орталығында өрт шықты. Қазір келушілер мен қызметкерлерін эвакуациялау жүргізілуде. Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ren.tv хабарлады.
Видеодан сауда орталығының жоғарғы қабатынан түтін шығып жатқаны көрінеді. Сауда үйінен 100-ге жуық адам эвакуацияланды. Екі адам зардап шеккен.