jasqazaq.kz

“Мас қызбен сүйістім”: павлодарлық заң бұзған жүргізуші ұсталды (Видео)

23 қантар 2024, 10:15

Павлодарлық полицейлер мас күйде көлік басқарған азаматты ұстады. Ол өзін ақтап алу үшін мас қызбен сүйіскенін айтты. Polisia.kz хабарлағандай, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы рейдтік іс-шараларды жүзеге асырады. Жыл басынан бері ғана қызмет инспекторлары мас күйінде автокөлікті жүргізудің 43 дерегін анықтады. Жүргізушілер өздерін ақтап алу үшін әрдайым жаңа және қызық себептер ойлап табады. – Мысалы, Естай – Н.Назарбаев даңғылының қиылысында сағат таңғы 5 шамасында ВАЗ маркалы автомашина тоқтатылды. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Медициналық куәландыруда болған жүргізуші біраз уақыт бұрын түнгі клубта болған кезде мас қызбен 40 минут сүйіскенін түсіндірді. Ақталғанына қарамастан, сараптама жүргізушінің мас болғанын растады. Жүргізушіге қатысты мас күйінде автокөлікті жүргізгені үшін әкімшілік материал толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі. Материал қаралды, сот қаулысымен жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?