jasqazaq.kz

Марат Омаров бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын алғаш рет ашып айтты

20 шiлде 2017, 18:15

Талай хиттың авторы сазгер Марат Омаров бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын алғаш рет ашып айтты. stan.kz сайтына сұхбат берген өнер иесі 40 жыл жасырған құпиясын көпшілікке жайып салуға бел буыпты.

Өнер иесі осыған дейін талай адамның осы мәселені сұрап, мазасын қашырғанын да жасырмайды.

«Маған бұл сұрақты қойған журналистер жетерлік. Десе де, мен бірінші әйелім жайлы әңгіме басталса сұхбатты тоқтатып, жауап беруден бас тартатынмын. Бірақ айтатын кез келген сияқты. Оның есімі Шаттық. Екеуміздің бақытымыз тек 8 жылға ғана созылды. Қалай айтсам да бұл тағдыр ғой»,-депбастады өз әңгімесін Марат Омаров.

Белгілі сазгер алғашқы жарымен сүйіп қосылғанын есіне алды.

«Шаттық менің анамды сыйламады. Тілін таба алмады. Ал мен үшін ана деген бірінші кезектегі ару. Екеуі үнемі ұрысып жататын. Мен Шымкенттің жігіті болғандықтан мүмкін біздің салт-дәстүрді түсіне алмаған шығар. Жарайды, оған да көндім. Алматыға көшіп келдік. Бірақ , анам қонаққа келген сайын үйде міндетті түрде жанжал болатын. Енді айтыңызшы, анаңызды сыйламаған адаммен қалай өмір сүруге болады?»,-дейді әнші.

Өз махаббатынан Марат мырза осындай себептердің кесірінен бас тартуға мәжбүр болыпты. Ал Зарина, Азамат және Мадина есімді үш бүлдіршін Шаттық ханымның қолында қалады. Әрине, бұл жағдай үш бүлдіршінге де оңай тимеген. Балар ерте есейіп, үлкен өмірді өз қатарластарынан бұрын түсіне бастапты.

«Әкем әрине анасын қорғайды. Әркімге ана деген қымбат қой. Айтса да, мен ата-анам айырылысқанда 3-сынып оқушысы едім. Бәрі есімде. Біз Шымкентте тұрған уақытта әжем анама себепсіз ауыр сөз айтатын. Күн сайын сынығы шыққанша сынайтын. Анам бәріне төзді. Араға уақыт салып, Алматыға көшіп кеттік.

Әкем енді өнер адамы болғаннан кейін осы жаққа қоныс аударуға тура келді. Біршама уақыттан кейін әжем де артымыздан көшіп келіп алды. Міне, осыдан кейін ұрыс-керіс қайтадан басталды. Анам бәріне төзе білетін.

Бірақ, енді шыдамның да шегі бар ғой. Әкем жылдап гастрольде жүреді. Енесі үйде отырып келіннің тәрбиесімен айналысты. Кейде орынды,кейде орынсыз тиісулер басталды. Соңында әкем анасын қорғап сөйледі. Міне, соңындаерлі-зайыптылар ажырасты»,-дейді Марат Омаровтың тұңғышы Зарина Омарова.

Оқушы кезінен отбасындағы жайсыздыққа алаңдап өскен Зарина ол күндерді тіпті есіне алғысы келмейтінін айтады.

«Шыны керек, сол уақытты еске алса көзіме жас келеді. Ата-анам ажырсақанда күйзелістен ауырып қалғаным да бар. Бірақ, енді не шара. Өтті, кетті. Бүгінде әкемнің екінші отбасымен араласып тұрамын. Жақында бәріміз қосылып, «Ару Астана» деген әнге бейнебаян түсрмекшіміз»,-дейді әнші.

Иә, Марат мырза араға бірнеше жыл салып қайтадан отбасын құрған. Бүгінгі таңда Перизат есімді жарынан бір қызы бар.

Бибімариям Омарова да әке жолын қуған әнші болуды армандап жүр.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда