jasqazaq.kz

Марафон жеңімпаздары марапатталды

07 маусым 2024, 20:21

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі жастарды рухани-адамгершілік, әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Биыл бұл шаралар Кеңес Одағының Батыры, Халық Қақарманының, армия генералы С.Нұрмағамбетовтың пен Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығын мерекелеу аясында өтуде.

Жуырда Астанадағы Триатлон паркте өткен 5 және 10 шақырымдық жарыс қос батырдың жүз жылдық мерейтойы аясындағы бір айтулы шара болды.
Жарыс «Atamnyn Amanaty» ҚБ мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.

Оған Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның мыңға жуық әскери қызметшілері мен төрт жүзден астам кәсіби желаяқтар мен спорт әуесқойлары қатысты.

Бүгін Астанадағы әскери-тарихи музейде сол марафонға қатысушыларды марапаттау рәсімі болып, оларға ақшалай сыйлықтар мен медальдар табыс етілді. Жалпы жүлде қоры 2 миллион 650 мың теңгені құрады. Нақтылап айтсақ: 1-орынға – 150 мың теңге, 2-орынға – 100 мың теңге, 3-орынға – 70 мың теңге берілді.

Жеңімпаздарды «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов құттықтады:
– Спорттық шараларды атақты жауынгерлерді еске алу жақсы дәстүрге айналды. Өткен жылы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бегелдиновке арналған жарыс өткен еді. Биылғы жарыс аты аңызға айналған батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың жүз жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Осы аламанға қатысу – олардың ғасырлар бойы жасай беретін ерліктеріне деген тағзым және құрмет болып табылады.

Сондай-ақ, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбелеу ісіне сіңірген еңбектері үшін бір топ азаматқа С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойлық медальі табыс етілді. Медальдің авторы туралы бірер сөз айтпасқа болмайды. Ол — Сағадат батырдың тікелей қол астында қызмет етіп, қоян-қолтық араласқан ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, запастағы полковник Қайыр Дінбаянов. Төсбелгінің дизайнын жасау барысында автор даңқты әскербасының шынайы бейнесін беруге тырысқан және дәл бере де білген.

Ә.Смайылов

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды