Танымал актер Нұржан Төлендиев өмірден өткен анасына деген сағынышын өлең жолдары арқылы жеткізіп, көптің жүрегін елжіретті.
Актердің анасы осыдан 2 жыл бұрын мәңгілік сапарға аттанып кете барды. Төлендиев 2015 жылы берген әзіл-ысқақ кешінде қайғылы хабармен бөлісіп, халықтың алдына амалсыздан шығып тұрғанын айтқан еді.
Арада екі жыл өткенімен, актердің жан-жарасы жазылған жоқ. Төлендиев анасын жиі түсінде көретінін айтып, елді жылатты.
Қайғысы ішіне сыймаған актер соңғы кездері анасы туралы естеліктерімен жиі бөлісіп жүр.
Мәселен, мына бір жазбасында актер анасына деген сағынышын өлеңмен жеткізіпті.
“Анашым, сезесің бе шаршадым,
Қара түнде жамылып ап көрпені,
Еске алумен, жылауменен
Сені аңсадым!
Анашым, сезесің бе шаршадым,
Мейірімі керек емес маған басқаның.
Сенің ғана сөздеріңе зәрумін,
Сені ғана сағынып, мен аңсадым!” – дейді Нұржан Төлендиев.
Желідегілер актердің анасынан аумай қалғанын айтып, Нұржанға басу айтып жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.