jasqazaq.kz

Маңғыстауда қызды азаптап өлтірген күдікті 22 жыл арқалады

05 наурыз 2024, 14:41

Маңғыстаулық 21 жастағы Валерия Шальнованы азаптап өлтіріп, денесін каналға тастап кеткен күдіктіге Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.

Сегіз айға созылған тергеуден соң Ақтау тұрғыны 22 жылға бас бостандығынан айрылды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Қылмыстық іс бойынша марқұм Валерияның анасы Светлана Шальнованың өліміне қатысты әділ үкім шығарылғанын айтты. Ол істі тергеуге атсалысқан барша жанға алғысын білдірді.

«Өткен жылы болған бұл оқиға қабырғамызды қайыстырып кетті. Содан бері біз тергеудің қалай аяқталатынын күтумен болдық. Осы ретте сот судьясы Досетова ханымға, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасарына, қылмыстық полицияның жедел тергеу бөліміне, қорғаушыға қызымның өлімінің әділ тергеліп, лайықты үкім шығарылғанына септескені үшін алғысымды жеткізгім келеді. Айта кететін жайт, сот кезінде қызымды өлтірген күдікті өзінің қылмысын мүлдем мойындамады. Соттың үкімімен келіспеді. Одан бөлек, қылмыстық жауапкершіліктен қашып, қызымның суицид жасағанын айтты», — деді Светлана Шальнова.
Оның сөзінше, кісі өлімі қоғамда талқылауға түскен соң айыпкер жазадан құтыла алмаған.

«Сот оған қылмысы бойынша лайықты жаза кесті. Енді ол қатаң режимдегі колонияда 22 жыл жазасын өтейді. Осы жағдай біздің қайғымызға аз болса демеу болды», — деді марқұмның анасы.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?