jasqazaq.kz

Маңғыстауда «Қошқар ата» қорымы аумағында сенбілік өтті

17 сәуiр 2024, 15:36

Елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақшұқыр елді мекенінде орналасқан «Қошқар ата» қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Сенбілікке М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы қызметкерлері мен Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ұжымы атсалысты.

— 18 сәуір — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық акциясына өз үлесімізді қосып, сенбілік өткіздік. Көктем мезгілі жаңару мен жаңғыру, күл-қоқыстан тазару маусымы. Табиғатты аялайық. Өңір келбетін көркейтуге әрбір тұрғын атсалысуы керек, — деді М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы директоры Данияр Сағынғалиұлы.

Сондай-ақ, Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Ынтымақ Божанов тарихи орындарды күтіп, сақтау маңызы жөнінде айтты.

— Өздеріңізне мәлім ел аумағында 25 мыңнан тарихи-мәдени ескерткіш бар.Соның бірегейі — «Қошқар ата» қорымын қоқыстардан тазартып жатырмыз. Болашақ ұрпақ үшін тарихи орындарды күтіп ұстауға баса мән беру керекпіз. Көтеріңкі көңіл-күймен сенбілікті өткердік, киелі, тарихи-табиғи орындардың құндылығын дәріптеуге атсалысып жүрміз деп ойлаймын, — деді Ынтымақ Божанов.

Айта өтейік, «Қошқар ата» қорымы Ақтау қаласынан 17 шақырым қашықта солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 81 ескерткіш есепке алынған.

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?