jasqazaq.kz

Маңғыстау «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуын жалғастыруда

18 шiлде 2024, 17:45

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында облыс тұрғындары туған жерді абаттандыруға тұрақты түрде белсене атсалысуда. Бүгін Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінде тұрғындар кезекті сенбілікке шықты. Экологиялық шараға жүздеген қатысушылар, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйымдар, еріктілер, студенттер, белсенділер және мүдделі азаматтар қатысты.


Басты мақсат – экологиялық мәселелерге назар аударып, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету. Акция Мұнайлы ауданынына қарасты «Ыбықты Сай» шатқалы, «Өмір глампинг» демалыс аймағының маңы, Кіші Оймаша көлінің маңы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының айналасы және Баянды, Басқұдық ауылындағы Союз полигонының аумағында өткізілді.

Акцияға Мұнайлы ауданынан 18 мекеме белсене атсалысты. 400-ден астам адам мен 18 арнайы техника жұмылдырылған акция нәтижесінде 36 тонна қоқыс шығарылды.

Осылайша, «Ыбықты Сай» шатқалынан 8 тонна, Баянды ауылынан 3 тонна, «Союз» полигонынан 16 тонна, теңіз жағалауынан 1 тонна, «Кіші Оймаша» көлінен 8 тонна қоқыс шығарылды.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының маңыздылығын Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында атап өтті. Ел Президенті қоршаған ортаның жай-күйі ортақ жауапкершілік екеніне ерекше назар аударды. Бұл акция 5 жерде бір уақытта өткізіліп, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», — деді облыстық жастар көшбасшысы Фазылбек Абылай.
Айта өтейік, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, еріктілер және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, пәтер иелерінің коорпоративі, мүлік иелерінің бірлестігі өкілдері қатысты. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында барлығы 30 мыңнан астам адам қатысып, 49 қоғамдық бақ пен саябақ абаттандырылды, 1190 тонна қоқыс шығарылып, 9,5 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?