jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында алма ағашы гүлдеді

27 қараша 2019, 11:35

Маңғыстау облысының Басқұдық ауылындағы жер үйде алма көшеті гүлдеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Жас талдың беймезгіл бүршік жарған сәтін үйдің иесі 19 қарашада байқапты. Бұл күні ол Алматыдан емделіп келген екен. Дереу ұялы телефонға түсіріп, қызықты жаңалығын әлеуметтік желіге жүктейді. Үсенғали Қуатбек бұл көшеттерді осыдан төрт жыл бұрын отырғызыпты. Уақытымен суарса да баяу жетіліп, біршамасы қурап қалады. Қазір гүлдеп тұрғаны ең алғаш егілген шыбық көрінеді. Ал Ақтаудағы эксперименталды бақ мамандары ағаш тектес өсімдіктердің күз соңында бүршік атуын қалыпты құбылыс санайды.

Ақжүніс Иманбаева, Маңғышлақ эксперименталды ботаникалық бағының бас директоры:

– Ағаш тектес өсімдіктердің барлығы өзіне қолайлы жағдай туған кезде екінші өсуін береді. Яғни бізде жаз айлары өте қатты ыстық. 40 градус ыстық кезінде жапырақтар күйеді. Сосын өзіне қолайлы жағдай келгенде, мысалы каштан жаз айында барлық жапырағын түсіріп тастайды. Сосын күзде қайтадан жапырағын жаяды. Әрине, гүлдесе де тұқымын байлап үлгермейді. Әрі қарай күн салқындайды. Бізде қарашаның бірінде алма ағашы гүлдеді. Гүлдейді содан кейін тоқтайды.

23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды
23 маусым, 14:02
Ұлттық тәрбие – баланың жанына дерт түсірмейтін ең басты қорған (Видео)
23 маусым, 13:48
Эльмира Төретаева: Жапон тұтынушылары  жантақ балымызды күтіп отыр
23 маусым, 12:59
Түркістан: Елді мекендерді газдандыру бойынша 64 жоба жүзеге асып жатыр
21 маусым, 13:05
Ілияс Қазиев: Алматы тұрғындарына сапалы ауыз су жеткізу – басты міндет
20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті