jasqazaq.kz

Маңғыстау дәріханасында күшті әсер ететін дәрілік зат рецептсіз сатылған

04 наурыз 2024, 11:38

Облыс прокуратурасы дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Нәтижесінде тиісті лицензиясысы жоқ дәріхана қызметін жүзеге асыру фактісі, сондай-ақ мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау және «Тропикамид» дәрілік заттарын үлкен көлемінде (45 мыңнан астам қаптама, бұл облыс бойынша сатып алудың 55% көлемін құрайды) рецептсіз сату деректері анықталды.

Тропикамид — адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін, есірткіні қолданудың әсерін күшейтетін, нашақорларға негізгі заттың дозасын үнемдеуге немесе күшті эйфориялық реакция алуға мүмкіндік беретін препарат.

Осыған орай, облыс прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріхананың қызметіне тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесімен дәріхананың иесі ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі (лицензиялау нормаларын бұзу) және 426-бабының 1, 3-бөліктерімен (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Бұл ретте сот шешімімен кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды.

Маңғыстау облысының прокуратурасы

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?