jasqazaq.kz

«Манчестер Арена» стадионында екі жарылыс болды: 20 адам қаза тапты (видео)

23 мамыр 2017, 10:39

Ұлыбританиялық БАҚ-тар куәгерлерге сілтеме жасай отырып, «Манчестер Арена» стадионында екі жарылыстың болғанын хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Манчестер полициясы алаңда жарылыстың болғанын және онда зардап шеккендер мен қаза тапқандардың бар екенін растады. Ал кейбір БАҚ өкілдері Twitter желісіндегі қолданушыларға сілтеме жасай отырып, бұл оқиғаның әнші Ариана Гранденің концертінде болғанын айтады. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің мәліметінше, әнші зардап шеккен жоқ. © nbcnews.com Сондай-ақ, Reuters агенттігі америкалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, «Манчестер Арена»алаңындағы жарылысты лаңкес-өлімшінің ұйымдастыруы мүмкін екенін хабарлайды. Полицияның мәліметінше, жарылыстан кем дегенде 20 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары бұл оқиғаны теракт деп санайтынын мәлімдеді. Ал премьер-министр Тереза Мэй полицияның қайғылы жағдайды тергеуге барын салатынын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, 22 мамырда болған жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы жоқ. ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, стадионда өткен концертте 6 қазақстандық студент болған. Сондай-ақ, қазақстандықтардың зардап шекпегенін және олардың оқиға орнынан үйлеріне жеткізілгенін айтып өтті ол. СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Лондондағы Қазақстан елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен үнемі байланыста.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда