jasqazaq.kz

МӘМС: Халық медициналық қызметті кедергісіз алуы керек

04 маусым 2024, 11:27

Бұл туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» Қоры КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің бас дәрігерлері және қызметкерлерімен кездесуде баса айтты.

Халыққа МӘМС шеңберінде көмек көрсету емханалардан басталады. Науқастардан түсетін шағымдардың басым үлесі де медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін осы мекемелерге тиесілі.

Медициналық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, пациенттерге қызмет көрсету барысында орын алатын өзекті мәселелерді шешу мақсатында Қор филиалының директоры Сәбит Райымбекұлы бастаған медициналық сақтандыру жүйесінің өкілдері қаладағы емханаларды аралап,қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

-Халық медициналық қызметті әуре сарсаңға түспей, кедергісіз алуы керек. Пациенттермен МӘМС жүйесі бұл тұрғыда әр науқасқа қамқорлықпен қарап, медициналық көмекті сапалы әрі қолжетімді етуді көздейді. Сіздерге қоятын талап, өтінішімізде сол – азаматтарға сапалы қызмет көрсетіп, жылы сөздеріңізбен демеу болуларыңыз. Өз тарапымыздан серіктестігімізді арттырып, өтініш-тілектеріңізді қарастыруға әрдайым дайынбыз, -деді ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

Кездесу барысында емхана қызметкерлері науқастарды ПЭТ, КТ диагностикасына жолдауға және бейінді мамандардың қызметіне қатысты бірқатар сұрақтарын қойды. Айтылған мәселелер назарға алынып, оңтайлы шешу жолдары қарастырылатын болады.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 58 емхана қызмет көрсетеді. Оның 13-й мемлекеттік медициналық ұйым.

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды