jasqazaq.kz

«Мамочкино кладбище» аймағын аза тұту орны жасауды ұсынды

25 мамыр 2017, 11:12

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының атына жолдаған депутаттық сауалында осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

«Біз осы жерден Спасск кешеніне ұқсайтын, бірақ одан архитектуралық концепциясы және заманауи медиа мүмкіндіктері арқылы ерекшеленетін кешен сала отырып, қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың еліміздің тарихын тереңнен түсінулеріне мүмкіндік береміз деп ойлаймын. Тарихты архитектура мен сурет арқылы бейнелеу құрбандарды еске алу мен олардың рухына тағзым жасауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, «Мамочкино кладбище» аймағын аза тұту орны ретінде тарихи орындардың біріңғай мемориальдық кешенінің қатарына қосуды ұсынамын. Бұл иеротопикалық жоба елдегі саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайларының тарихи-архитектуралық ансамблін біріктіруге мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін. Жоғарыда аталған айтулы орындардың өзіне ғана тән аймақтық мұражайлық күйі ортақ кешенге жинақталады және саяси қуғын-сүргін кезеңінің көрінісі бола алады», – деді Дулатбеков.

Карлагтағы әйел тұтқындар лагерінде өмірге келген сәбилер арасында өлім-жітім ерекше көп болған. Ал олардың барлығын жинап бір жерге көміп отырғандығын баяндаған депутат, ол жерді қорғауға алып, арнайы тағзым жасау кешенін салатын мезгілдің жеткенін айтты. «Әйтсе де, бір өкінерлігі «мамочкино кладбище» аймағы күні бүгінге дейін лайықты қорғауға алынбаған, ешқандай ескерткіш белгілері жоқ. Ал осыдан бірнеше күн бұрын вандалар қасиетті орынның ойранын шығарды. Ұрылар зираттағы айқыш темірлерді металл сынықтарына тапсыру мақсатында ұрлап кеткен. Тіпті кішкентай балалар жерленген қабірлердің басындағы белгілер де қолды болыпты. Бұдан бөлек зираттың бір бөлігін арнасын ауыстырған өзен суы шайып кеткен. Өкінішке қарай, ГУЛАГ лагерлер жүйесіндегі ең ірі еңбекпен түзеу лагері болған Қарағанды облысындағы КарЛАГ-тың тарихын сақтауға тырысушылардың қарасы тым аз. Қазақстандықтар мен елімізге келген қонақтарға тоталитарлық жүйенің қасіретін ашып көрсетіп, жазықсыз құрбан болғандардың рухына тағзым жасалатын орын жыл өткен сайын жойылып барады», – деді Мәжіліс депутаты.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда