Францияның жаңа президенті Эммануель Макрон Владимир Путинмен өткен баспасөз мәслихатында ресейлік RT арнасы мен Спутникті жалған насихат құралдары деп атады.
Макронның айтуынша оның шет ел журналистерімен қарым-қатынасы өте жақсы. Алайда, “БАҚ өкілдерінің ақылға сыйымсыз жалған ақпарат таратуы журналистикаға жатпайды”. Ол әлгі екі БАҚ-қа “жалған ақпарат арқылы әсер етушілер” деп баға берді.
“Russia Today мен Sputnik өздерін ақпарат өкілі ретінде емес, жалған насихат құралдары ретінде көрсетті”. Сол себеппен осы ақпарат құралдарының өкілдерін өзінің сайлау науқанындағы штабына кіргізбегенін айтты. Бір қызығы, Ресей президенті В. Путин Макронның сөзіне ешқандай жауап қатпады.