Мақпал Жүнісова: Зәкеңе өлсем де келмеймін деп кетіп едім… (Видео)

18 қыркүйек 2023, 15:43

Мақпал Жүнісова «Алғашқы» бағдарламасында жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алып, біраз жәйттің бетін ашты. Алғаш рет Зәкеңмен қалай танысқанын айтты:

«1989 жыл. Анандай жерде отыр екен Зәкең марқұм. Жеткенше қолдың бәрі дірілдеп кетті. Ол кісінің мысы көзбен тескен кезде «ойбай» деп әрең жеттім столдың жанында. Маған тесіліп қарап отырды. «9 жыл болды общежитиеде тұрып жатырмын» деп қағазға жазып алып келгенмін. Бірінші очередьте тұрмын негізі квартираға. Бірақ күйеуге кім шығады, «Гүлдерде» солар алып кете береді. Ана кісі қол қояды деп үміттендім. Ана кісі тыңдап отырды да, «ладно, иди, жиырма күннен кейін кел» деді. Шок болып қалдым. 20 күні несі? Бір жарым айға гастрольге кетіп бара жатырмын ғой. Мен де тыныш отырмайтын қазақпын ғой. «Сіз маған да или нет деп айтыңыз. Бересіз бе, пәтеріңізді, бермейсіз бе?» деп тақылдап тұрмын ғой. Ана кісі менің анадай сөзімнен шошып кетті. Ешкім олай сөйлемеген болуы керек. Орнынан ұшып тұра келді. «Иди, там тебе объяснят» деді. Мен вообще шошыдым, «мынауың жынды екен» дедім. «Өлсем де алдыңа келмеймін» деп кеттім. Общежитиеге келіп, өкіріп тұрып жыладым. Жарты жылдан кейін Жібек Әмірхановна деген кісі шақырып, «Мақпал, айналайын, дайындал, Мароккоға барасың, өлең айтасың», — дейді. Аэропортқа барып, ұшайын деп кетіп бара жатсақ, бастықтар тұр. Жаңбыр сіркіреп тұр. Басында шляпа киген кісі тесірейіп қарап тұр екен. Көзім түсіп кетті. Гауһарға «мына кісіні бір жерден көргенмін» деймін. Ол кісіні шляпасыз көрдім. «Это же Нуркадилов», — дейді. «Ойбай, бұл нағып жүр!» дедім. «Біздің бастығымыз болып бара жатыр. Делегацияның бастығы осы кісі», — дейді. Екінші рет көруім. Кейін бүкіл сырын маған ашты ғой. Зәкең мені әдейі қосыңдар деген. «Алдыма келген жоқ мына қыз, көрейін деген».
Әншінің айтуынша, Нұрқадәлов Марокко сапарында үй беру туралы шешім шығарған.
«Мароккода керемет қабылдады. Мекнес деген қаланың мэрі Мұхтар Масмуни деген кісі Гауһар екеумізді магазиніне апарып, киіндіріп, подарканы өлтіріп тұрып беріп, красавица болдық. 45 адам барған екен Алматыдан. Мен қалжыңбаспын. Солардың көздерінше «Құдай-ай десейші, мына жақтың мэрі бірінші рет көріп тұр, бірден бізді киіндіріп, красавица қылып қойды. Біз байғұс әлі общежитиеде тұрып жатырмыз. Қаланың бастығына барсаң «потом» деген сөз естисің», — деп қалжыңдадым. Ана жерде отырған Зәкең замын ба, біреуді шақырып алды. Бүкіл елдің көзінше «по приезду квартиру выдать» деді. Келгеннен кейін 3 айдан кейін Серік Сұлтанғалиев «Зәкең пәтер берейін деп жатыр», — деп шақыртып алды. Сөзінде тұрды. Сөзінде тұрғаны құрсын, бір бөлмелі үйді берді де, артымнан қалмай қойды ғой. Замдарын жібереді гүлмен, кәмпиттермен. «Жігітім бар ғой, жындысыңдар ма, қайтіп барамын» деп қайтарып жіберемін. Сөйтіп жүргенде жігітімнің көзі құрып кетті», — деп еске алды Мақла Жүнісова.
Әншінің осы естелігі жұрт аузында жүрген «хикаятқа» қаншалықты сәйкес екенін оқырман өзі анықтай жатар.

JQ-Aqparat

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл