jasqazaq.kz

Мақпал Жүнісова: Төреғалиды ең алғаш сахнаға шығарған менмін

17 сәуiр 2018, 14:28

Қазіргі ән де, әнші де инкубатордан шыққандай. Бір-біріне қатты ұқсайды. Мұны біз емес, өнерде жүрген мүйізі қарағайдай әнші-сазгерлердің өзі айтып отыр. Біздің қонағымыз Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова да өң-түсі бір-бірінен аумайтын әншілер мен ғұмыры аз күндік әндердің көп екенін растады. Әңгіме-сұхбатымыз өнер тақырыбының ойлы-шұңқырын түгел аралады. Сұхбатымыздың толық нұсқасы «Жас қазақтың» осы аптадағы санында жарияланады. Ал біз сол сұхбаттан қысқаша үзінділер беруді жөн көрдік.    

Жас қазақ: Өнерде жүрсіз ғой. Атын атап, түсін түстемей-ақ қойыңыз! Қазақ эстрада өнерінде жүрген сұлу қыздардың көбі байлардың, дөкейлердің көңілдесі, тоқалы деген сөз бар. Тіпті, жас жігіттердің өзі қалталы әйелдердің «көлігін» жүргізеді, сөмкесін көтеріп жүреді дейді. Осы рас па?

М.Жүнісова: Осы әңгіме туралы мен сізге сұрақ қойғым келеді. Өзіңіз айтқан көкелерінің арқасында шығып жүрген, әнші болуға тұрмайтын қыздар болса, неге осыны ашып, елге көрсетіп жазбайсыздар? Атын атап, түсін түстеп, айыбын әшкере етіп жазсақ, мүмкін сол кезде азаятын шығар? Бұл жөнінде толық айту үшін, мен күнде оларды аңдуым керек. Олар кіммен жүреді, ақшаны қайдан тауып жатыр? Өзінің дауысы ма, әлде компьютермен өңдеп алған ба, осының бәрін зерттеуім қажет. Бұл негізі масқара жағдай ғой.

Маған да «құда түскендер» болды. «Сіз маған әнші ретінде қатты ұнайсыз. Сіздің директорыңыз болғым келеді» деп біраз жігіттер телефон арқылы хабарласты. «Қарағым, әзірге аяқ-қолым сау, көмегіңе зәру емеспін. Жүріп тұра аламын. Қартайған шағымда қажет болып жатсаң, шақырармын» дедім. Анығын айтқанда, өзімнің де бауырларым бар. Біреудің көмегіне тәуелді болып қалсам, солар-ақ қарайласады. Бірақ сіз айтқан қорқынышты әңгімені естімеппін. Өнер адамдарымен араласып, өсек тыңдауға уақытым жоқ.

Сұхбатымыздың басында айтып өткенімдей, уақытша келген әншілердің ғұмыры да ұзаққа бара бермейді. Біреулер ақшамен демеп, тиынның күшімен шетелге шығып, талантымен танылып жүргендер бар. Ал талантсыздардың кірмейтін тесігі жоқ. Олар туралы сөз бөлек… Біз кейде ән өңдеу жағынан көмектесіп, тіпті концертке де шығарып жібереміз. Мысалы, Төреғалиды ең алғаш сахнаға шығарған менмін. Алғаш үлкен сахнаға менің концертімде шықты. Нұрболат Абдуллинді де Азия даусына шығарған мен болатынмын. Айтсаң, мына жұрт «Мақпал мақтанды» дейтін шығар? «Адам болар баланың бетінен қақпа, белін бу!» дейді ғой. Біздікі де артымыздан ерген, таланты бар балалардың белін буып, ақ жол тілеген үлкендігіміз!

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр