Лас-Вегаста ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық кіші Флойд Майвезердің кездесуінде екі спортшының командасы төбелес шығарды, деп хабарлайды Baq.kz сайты Рен.ТВ-ға сілтеме жасап.
Дегенмен спортшылар аз да болса сұхбат беріп үлгерген. Олардың әрқайсысы мүмкіндігінше қарсыласын тез әрі аяусыз жеңуге уәде берді.
Independent басылымының мәліметінше, төбелес кезінде ешкім зардап шекпеген.
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегаста бокс ережелері бойынша алғашқы орта салмақта өтеді.