jasqazaq.kz

«Макаода» заңсыз онлайн-казино әшкереленді (Видео)

19 қантар 2024, 18:39

Заңды деп саналатын «Макао» ойын мекемесінде онлайн-казиноны заңсыз ұйымдастыру фактісін ҚМА Алматы облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері анықтады.
ҚМА баспасөз қызметі хабарлағандай, онлайн-казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз, қолданыстағы заңнамада белгіленген ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға бәс тігуге, яғни ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген. Ойындар «Макао» казиносының ғимаратында жүргізілген.
Биылғы жылдың қаңтардың 16-нан 17-не қараған түні Департаменттің жедел-тергеу тобы тінту жүргізгенде  225,5 млн теңге, 15 мыңнан астам еуро, 719 мың рубль, 34 мың юань, 38,5 мың доллар, ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелік блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнерегистраторлар табылып, тәркіленді.
Тергеу жүргізілуде. Өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?