jasqazaq.kz

Майк Тайсон: «Мен Головкиннің фанатымын»

26 қыркүйек 2017, 11:12

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің стилі ұнайтынын айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның пікірінше, Головкин салмақ категориясына қарамастан, pound-for-pound бойынша үздік боксшы. «Мен Головкиннің фанатымын. Бүгінде ол pound-for-pound бойынша үздік. Рингте ол жәй ғана жауынгер емес, нағыз жаналғыш. Ол рингке ұпай айырмасымен жеңуге шықпайды, қарсыласын жойып жіберуді мақсат тұтып көтеріледі. Головкин көрерменге қалауын бере алады», — деп келтіреді Тайсонның сөзін Notifight.

Ал мұның алдында орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Фернандо Варгас Головкинді жекпе-жектерінің әсері бойынша дәл осы Тайсонмен салыстырған еді. Мұндай ұқсастықты WBA, IBF және IBO бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуа да байқаған.

2015 жылдың сәуірінде Тайсон Головкинді «аңызға айналған кейіпкер» деп атаған. Ал GGG өзін екінгі Тайсон деп санамайтынын айтқан.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда