Бокс аңызына айналған Майк Тайсон қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегінде кімнің жеңетінін айтты.
«Головкиннің «Канеломен» жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүрмін. Бұл кездесу Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегордың жекпе-жегіне қарағанда қызығырақ. Кімнің жеңетінін білмеймін, бірақ меніңше, «Канело» тым жақсы. Мейвезер мен МакГрегордың жекпе-жегіне келер болса, меніңше, бұл бокс үшін жаман емес, тіпті жақсы. Конор, сөзсіз, жеңіледі. Флойд қаншалықты тез жеңеді деген мәселе ғана тұр», — деп келтіреді Тайсонның сөзін Globo Esporte. Мейвезер мен МакГрегордың жекпе-жегі 26 тамызда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді, ал 16 қыркүйекте бұл аренада Головкин мен «Канело» жұдырықтасады.