Алғаш рет ел аралап, гастрөлге шыққан Мәдина Сәдуақасова алғашқы ән сапарын Қазақстанның батыс өңірінен бастады. Концерт басталмас бұрын ол қарттар үйінде концерт беріп, жұртты сүйсіндірді.
Stan.kz. хабарлағандай, “Ақтау қаласындағы концертімнің алдында қарттар үйіне соғып, сол жерде кішігірім концерт қойып, үлкен кісілердің көңілдерін аулап, ақ баталарын алып қайттым. Әрине, тағдырдың жазғанына шара бар ма… Бірінің балалары өмірден ерте өтіп, ата анасы жалғыз қалды, бірінің балалары ата-анасына уақыт таба алмады. Әттең, алдымызда не күтіп тұрғанын ешбір пенде білмейді ғой. Ата -аналарымызды қадірлейік, құрметтейік, ағайын”, – деп бөлісті Мәдина желідегі парақшасында.