Маңғыстау облысындағы жол көлік апатының куәгерлері мен зардап шегушілері оқиға жайлы айтып берді. Олардың сөзінше, тоқтаған көлік саны көп болғанымен, көмек көрсеткендері бірең-сараң ғана. Қалғандары апатты ұялы телефондарына түсіріп тұрған.
Куәгерлердің айтуынша, ЖКА Өзен-Ақтау-Тасболат тас жолының қиылысында орын алған. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
ГАЗель көлігінде Caspian Well Services компаниясының жұмысшылары болған.
«Олар вахталық жұмыс ауысымы қалашығына келе жатқан еді. Үйлеріне қайтулары керек болған. Лада қарсы жолға шықпапты. Ол ГАЗель көлігі сол жаққа жол ауыстыра бергенде, басып озғызы келген.
ГАЗельде тоғыз адам зардап шекті, олардың бесеуін Жаңаөзендегі емханаға жатқызды. Ондағылар көптеген ауыр жарақаттар алған.
Лада көлігінде төрт жолаушы зардап шекті. Алдыңғы орындықта отырған қызды Жаңаөзендегі емханаға жеткізген. Қалғандарының жағдайы жақсы.
Жетібай бекетіндегі ТЖМ бригадасы болмағанда, олардың жағдайы қалай болатынын білмеймін. Ол жердегі екі қыз көп көмек көрсетті. Өте ширақ және сауатты көмек көрсетті. Кейіннен Тасболаттан дәрігерлер мен өрт сөндірушілер келіп, барынша көмектесті», — дейді жол апатының куәгері.
Зардап шегушілер алғашқы сәтте не болғанын түсінбей қалғандарын айтады.
«Біз бәріміз есеңгіреп қалдық. Көп көліктің тоқтағаны есімізде. Бірақ ешкім көмектеспеді. Шамамен үш адам ғана көмек қолын созды. Қалғандары болған апатты телефондарына түсіріп, қарап тұрды», — дейді ГАЗель көлігіндегі жолаушылардың бірі.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды», — деп атап өткен ІІМ баспасөз қызметінде.