jasqazaq.kz

Маңғыстауда браконьерлікпен айналысқан әзірбайжандықтарды ұстады

27 қыркүйек 2017, 23:53

Астарындағы қайықтарының мықтылығына сенсе керек, ә дегеннен бұйрыққа бағынбаған олар Каспийде бір сағат бойы қашып жүрді. Тек шекарашылар оқ атқаннан кейін ғана амалсыз тоқтауға мәжбүр болды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бірақ қайықтағы 3 браконьер Каспийден тапқан олжаларын теңізге қайта лақтырып үлгеріпті. Дегенмен, шекарашылар бағалы бекірелердің қай тұсқа лақтырылғанын анықтап, тауып алды. Одан бөлек ұзындығы 35 шақырымға жететін балық аулау құралдары да тәркіленді. Қазақстанға бірнеше сағатқа ғана келген көршілердің табыстары да жаман болмай шықты. Олар бірнеше сағатта 70 шақты бекіре мен бір итбалықты торға түсіріп үлгерген.

Данияр Малшыбаев, ҚР ҰҚК Шекара қызметі аймақтық жағалау күзеті басқармасының штаб бастығы:

— Ұсталғандардың арасында мектеп мұғалімі де бар. Оларға шекарадан заңсыз өтті деген айып тағылып отыр. Біздің елімізге браконьерлікпен айналысу үшін келгендерін мойындады. Сотқа дейін қамауда болады. Ал, ұсталған бекірелерді теңізге қайта жібердік.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда