Маңғыстау облысында жас жігіт сүйген қызының үйіне барып, інісі екеуін травматикалық тапаншамен атып тастады. Соңынан өзі атылып өлген.
Күзетші болып істеген Мұнайлы ауданы тұрғынының мұндай қадамға баруына ғашығының одан теріс айналуы себеп болған. Яғни бір жыл бойы көңіл қосқан екі жас, үш ай бұрын бойжеткеннің қалауымен айырылысады. Алайда оны ауыр қабылдаған азамат кек алуды көздеп, бұрынғы қызын үйіне іздеп келген. Сөйтіп, ай-шайға қарамастан інісі екеуіне 15 рет оқ атыпты. Қазір екеуі ауруханада жатыр. Ал, соңғы оқты өзінің басына атқан кекшіл жігіт емдеу мекемесінде есін жимастан көз жұмды.