jasqazaq.kz

Мақсат Үсенов сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілді

28 маусым 2017, 16:45

Мақсат Үсенов бүгін сотқа мəжбүрлі түрде жеткізілді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. Бүгін ауданаралық əкімшілік сотында Мақсат Үсеновке қатысты ҚР ƏК 564-бабы 5-бөліміне қатысты ұшу кезінде қауіпсіздікті бұзғаны үшін отырыс болуы керек болатын.

Сот приставтары Үсеновтың үйінен ешкімді таппаған соң, отырыс түстен кейінге қалдырылған еді. Мəжбүрлі түрде жеткізілген Үсенов журналистердің сауалын жауапсыз қалдырды. Айта кету керек, Мақсат Үсенов 5 маусымда Алматы-Бангкок рейсінде бұзақылық жасап, бортсерікке дөрекілік көрсеткен еді. Оның бұл əрекетіне қатысты қалалық əкімшілік сот 10 тəулікке қамауға алып, 3 АЕК көлемінде айыппұл салды. Осы оқиғадан соң Үсенов «Эйр Астана» компаниясының деструктивті жолаушыларының сұр тізіміне ілінді. Еске сала кетсек, Мақсат Үсенов 2013 жылы желтоқсанда Алматыда 6 адамды көлігімен қағып кеткен болатын. Салдарынан бір адам қаза болды. Тараптардың ымыраға келуіне байланысты Үсенов қамаудан босатылып, оған Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жарты миллион теңге сомасына айыппұл ғана салынды. Екінші рет Мақсат Үсенов тізгіндеген көлік Тойота көлігімен соқтығысып, 38 жастағы келіншектің денсаулығына зақым келтірген болатын. Бұл жолы да Үсенов тараптардың кешірімін алып, әкімшілік жазамен шектелді.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда