Мақсат Үсенов көлік салығын төледі. Бұл ақпаратты қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы Шыңдали Заңғар айтты.
«Азамат Мақсат Үсенов 2016 жылға көлік салығы ретіндегі мемлекет алдындағы берешегін 8 маусымда 174 240 теңге төледі. Оның ішінде 138 362 теңге салық болса, 35 878 теңге өсімі», — деді З. Шыңдали. Оның айтуынша, енді аталған дерек сот органдарына берілмейтін болды. Бүған дейін Мақсат Үсеновтың салық берешегі бола тұра шетелге алаңсыз ұшып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. Кейінірек, ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі оның қалайша шекарадан өткені туралы түсініктеме берді. «Борышкерді сыртқа шыға алмайтын азаматтар тізіміне енгізу үшін өндіріп алушы оны сотқа беруі тиіс және сот шешімі негізінде сот орындаушылары атқару жұмысын бастайды. Сот орындаушыларында аталған сот шешімі болмағандықтан, Үсенов мемлекет аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылған азаматтар тізіміне енбей қалған», — деп хабарлады Әділет министрлігі.