jasqazaq.kz

М.Жүнісова: Қанша қыдырса да, сол жақсы әйелге қайтып келеді

15 желтоқсан 2017, 14:51

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова ер адамдардың қашанда қыздарға көз салып жүретінін айтты. Әнші күйеуі бар әйелдерге сабырлы болуға кеңес берді. Айтуынша, ер адам басқамен көңіл қосса да, оған кешіріммен қарау керек. Себебі Халық әртісі “күйеуіңді үйден қуып шықсаң, ол қашан да басқа әйел тауып алады” деген ойда.

Бұл туралы Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтты, – деп жазады Stan.kz.

Қазақтың ерке қызы ер адам басқа әйелге көз салса, барлығын ақылмен шешуге болады деп санайды.   “Күйеуіңе көбірек күлімдеп, жылы жүз білдіргенің жақсы. Ер адам үйден 30 қадам аттаса, бойдақ боп шығады. Қыдырып кететін әдеттері бар ғой. Оны біздің анамыз да айтып отыратын. Ата-бабамыздан қалған салт па деймін?! Ата-бабамыз да 10 әйелге дейін алған ғой. Сондықтан да оған үркіп қараудың қажеті жоқ. Әйел адам сүйіп қосылған күннің өзінде, еркек жан-жағына қарап жүреді. Себебі үйдегі әйел бабын таппаған шығар. Сондықтан ондайын көрсең де көрмегендей болу керек. Өзінің отбасын сақтап қалу үшін, балаларының болашағы үшін әйел адам ақылдырақ, кешірімді болу керек. Ол қанша қыдырса да, сол жақсы әйелге қайтып келеді”, – дейді Халық әртісі.

Әншінің айтуынша, ер адамның опасыздығын кешірмей, онымен ажырасып кеткен жағдайда опық жейтін әйелдің өзі.  “Ер адам далада қалмайды. Бір әйел қуып шықса, оның ештеңесі кетпейді. Себебі қыздар толып жатыр. Сондықтан да сабыр керек”, – деп түсіндірді ол.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды