jasqazaq.kz

Мұxамедиұлы жастарды букмекерлік кеңселерден шығарудың жолын тапты

29 мамыр 2017, 14:49

Қазақстанның «Лотерея туралы» заңның арқасында отандық спортты дамытып қана қоймай, бәс тігу бизнесін де ашық жүйеге келтіруге де болады.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, лотереядан түсетін табыстың 15 пайызы спортты дамытуға жұмсалады. «Шыны керек, бұған дейін ондай заң болмаған. «Лотерея туралы» заң өте қиын құжат болды. Дегенмен, біз оны қабылдадық. Лотереядан түсетін ақшаның аз емес екенін бәріміз жақсы білеміз. Бірақ қандай салық төленеді? Кімге пайда түсіп жатыр? Оған қарап отырған ешкім жоқ. Біз осы саланы ашық қылдық, бір жүйеге келтірдік. Ең бастысы, түсетін ақшаның 15 пайызы спортты дамытуға бағытталатын болады. Сосын осы саладағы әлемнің үздік компанияларын тартып жатырмыз. «Неге?» десеңіз, егер лотерея саласы жақсы дамыса, онда букмекерлік кеңселер мен тотализаторларда отырған жастардың барлығын лотереяға шығаруға болады. Бұл — әлемдік тәжірибе. Ол үшін лотереяны ашық салаға айналдырған маңызды», — деп атап көрсетті Арыстанбек Мұxамедиұлы. Айта кетейік, бүгін министр қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, спортқа арналған жаңа заңнама бойынша әрбір облыс өзіне тән спорт түрін дамытатын болады.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда