jasqazaq.kz

Мəскеуге тура ұшады

22 мамыр 2017, 17:35

 

Өткен   жексенбіден бастап Көкшетауға Мәскеуден ұшақтар қатынайтын болды. Сол жақтан ұшып келген алғашқы рейсті қала әкімі Ермек Маржықпаев, облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырxанов, әуежай әкімшілігі мен журналистер қарсы алды.

Осы күні Көкшетау əуежайы арқылы Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы бағыттарында аптасына екі рет  ішкі әуе  рейстері қатынайды. Оған қоса, ағымдағы жылдың 5-ші мамырынан бастап, Шымкент-Көкшетау əуе бағыттары қалпына келтірілді.  Бұл әуе сапарлары аптаның жұма, жексенбі күндері СКАТ əуе компаниясының CRJ-200 əуе кемелері арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жолы Көкшетау халықаралық əуежайы арқылы əр жексенбі сайын «Авиакомпания S7» əуе компаниясының Airbus A320 жайлы  самолеттері арқылы Мəскеудің  «Домодедово» əуежайына  тікелей əуе рейсі ашылып отыр.

– Енді көкшетаулықтар аптаның əр жексенбі күндері «Авиакомпания S7» əуе компаниясының Airbus A320 жайлы  самолеттері арқылы Мəскеудің  «Домодедово» əуежайына  тікелей ұшып бара алады, – дейді «S7 Airlines»  əуе компаниясының өкілі  Александр Завражин.

Әуежай мамандарының айтуынша, ұшу уақыты 3-3,5 сағат. Билет құны 50 мың теңге. Оның ішінде жеңілдіктер де қарастырылған. Алғашқы рейспен Мəскеуден 60-қа жуық жолаушы ұшып келді. Ал, Көкшетаудан 30-ға жуық жолаушы аттанады. Жолаушылардың алаңсыз ұшуына барлық жағдай жасалған.

 

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда