jasqazaq.kz

Мәншүк Мәметованың монументі құлатылды

22 мамыр 2017, 21:22

Оралда Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың 30 жыл бұрын орнатылған монументі құлатылды. Есесіне шенеуніктер орнына құны 139 миллион теңге болатын «Қазақ халқының даңқты қыздары» атты ескеркіш орнатпақшы. Жаңа туынды Мәншүк Мәметовамен қатар, Әлия Молдағұлова мен Хиуаз Доспановаға да арналады.

Шенеуніктердің айтуынша, ескерткішті ауыстыру мәселесін о бастан тұрғындардың өздері көтерген. Осылайша республикалық байқау ұйымдастырған олар, ең үздік туындыны таңдап та қойыпты. Үш батыр қызға арналған мүсін қазір Астанада жасалып жатыр. Жақын күндері Оралға жеткізілуі тиіс. Ал шаһар көркіне айналып үлгерген Мәншүк Мәметованың монументі қазір қайта жөндеуге тапсырылған. Бұдан соң ол пулеметшінің туған өлкесі Бөкейорда ауданына жіберіледі деп жоспарлануда. 30 жыл бұрын тұрғызылған ескерткіштің әбден тозғанын айтқан шенеуніктер оны ауыстырудан басқа амал қалмады деп отыр.

Талап Жүсіпқалиев, БҚО тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының директоры:

— Арнайы комиссия кемшін тұстарын анықтады. Мәселен, жыл сайын боялатын ескеркіштің материалдары тозып кеткен. Сондықтан монументті ауыстырып, қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

ktk.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда