jasqazaq.kz

Мұнарадан секіріп өлген ерлі-зайыптылармен болған келіссөздердің видеосы жарияланды

17 мамыр 2017, 10:58

Қайғылы оқиға 15 мамыр күні Құрайлы ауылдық округінде орын алған болатын. 7 жасар Кристина Шустерді өлімші етіп сабаған өгей анасы мен әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ерлі-зайыптылар биік мұнараның үстіне шығып, секіріп көз жұмды. Полицейлер олармен 2 сағат бойы келіссөздер жүргізген. Алайда, нәтижесіз.

Келіссөздер жүргізілген сәтті «Диапазон» порталының журналистері видеокамераға түсіріп алыпты. Онда полицейлердің Владимир Шустерді сабырға шақырып жатқаны анық естіледі.

— Вова, оның ашуын бас, бәрі жақсы болады, біз уәде береміз. Вова, сабырға кел, мен уәде беремін, ешнәрсе болмайды, уайымдама.

— Уәде бересіңдер ме? — дейді мұнарада тұрған әйел.

Алайда, 17:40-та Владимир мен Әсел биіктен секіріп қайтыс болды. Полицейлер мен көршілерінің және туыстарының сөздері оларды тоқтата алған жоқ.

Айта кетейік, ерлі-зайыптылар былтыр қыркүйек айынан бастап бірге тұрып келген екен. Владимирдің бірінші әйелінен 7 жасар қызы, Әселдің бірінші күйеуінен 3 жасар ұлы болған. Көршілерінің айтуынша, кішкентай Кристина өгей шешелі болғаннан кейін бірден өзгеріпті. Бұрын ол ашық-жарқын болса, соңғы уақытта тым тұйық қызға айналған. Кристина Әселді «мама» деп те атап кетіпті. Бірақ, өгей шешенің қызға деген махаббаты көпке созылмаған.

Алдымен көшеде ойнап жүретін Кристинаның жоғалып кеткені туралы ақпаратты полицейлерге көршілері айтқан екен. Учаскелік инспектордың тексеруі барысында бет-аузы көгерген қыздың қамауда болғаны анықталды. Мұнан кейін Әсел мен Владимирдің үстінен қылмыстық іс қозғалып, ешқайда кетпеу туралы қолхат жазылып алынған. Артынша ерлі-зайыптылар өздеріне қол салып отыр.

caravan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда